Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогикалық қызметкерлердің кәсіби бірегейлігі мен еңбек қызметіне қанағаттануының өзара байланысының ерекшеліктерін айқындауға бағытталған теориялық талдау мен эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Инклюзивті практиканың артып келе жатқан талаптары жағдайында педагогтердің кәсіби әл-ауқатын қамтамасыз ету қажеттілігі жоғары. Бұл жұмыстың жаңашылдығы кәсіби бірегейлік компоненттері мен еңбекке қанағаттанудың әртүрлі аспектілері арасындағы байланысты кешенді түрде талдауға негізделген. Зерттеуде инклюзивті білім беру тәжірибесін іске асыратын мектептерде жұмыс істейтін 134 респондент қатысты. Диагностикалық құралдар ретінде Еңбек қызметіне қанағаттану бойынша Minnesota Satisfaction Questionnaire (MIQ) және Professional Identity Questionaire (PIQ), сондай-ақ әлеуметтік-демографиялық деректерді (жасы, еңбек өтілі) жинауға арналған сауалнама қолданылды. Айырмашылықтарды тексеру және айнымалылар арасындағы өзара байланысты анықтау үшін статистикалық талдаудың параметрлік емес әдістері пайдаланылды. Талдау нәтижелері кәсіби бірегейлік педагогтердің жасы мен еңбек өтіліне аз дәрежеде тәуелді екенін көрсетті. Алайда ішкі және сыртқы қанағаттану деңгейлеріне байланысты бұл көрсеткіштерде статистикалық жағынан мәнді айырмашылықтар байқалмады. Оған қоса, педагогтердегі кәсіби бірегейліктің бірқатар көрсеткіштері бойынша еңбек қызметіне қанағаттану деңгейіне байланысты айырмашылықтары, зерттелетін айнымалылар арасында жекелеген маңызды өзара байланыстары анықталды. Алынған деректер инклюзивті мектептерде қызмет ететін педагогтердің кәсіби бірегейлігін нығайтуға және еңбекке қанағаттануын арттыруға бағытталған психологиялық сүйемелдеу бағдарламаларын әзірлеу мақсатында пайдаланылуға болады.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ БІРЕГЕЙЛІГІ МЕН ЕҢБЕККЕ ҚАНАҒАТТАНУЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ЗЕРТТЕУ
Жарияланған December 2025
10
7
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
кәсіби бірегейлік
еңбекке қанағаттану
инклюзивті білім беру
педагогикалық қызметкерлер
кәсіби әл-ауқат
эмоционалды күйзеліс
әлеуметтік-демографиялық факторлар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кереева, Р. і Байжуманова , Б. 2025. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА МЕКТЕП ПЕДАГОГТЕРІНІҢ КӘСІБИ БІРЕГЕЙЛІГІ МЕН ЕҢБЕККЕ ҚАНАҒАТТАНУЫНЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 85, 4 (Груд 2025), 361–371. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.85.4.031.

