Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҚАЗІРГІ ЖАСТАР АРАСЫНДА АДДИКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған June 2025

57

23

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Салтанат Букешова

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының PhD докторанты,
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гульмира Ниетбаева

PhD доктор, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Бұл мақалада жастар арасындағы аддиктивті мінез-құлықтың психологиялық аспектілері қарастырылған. Зерттеу жұмысының өзектілігі жастар арасындағы аддиктивті мінез- құлықтың түрлі фомаларының кеңінен таралуының механизмдері мен оның себептерін кешенді ғылыми талдауды қажет ететіндігінде болып отыр. Аддиктивті мінез-құлық ішкі кернеу, эмоциялық тұрақсыздық пен жеткіліксіздік кезінде пайда болатын дезадаптивті мінез-құлықтық реакциялардың формасы ретінде қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты невротизация деңгейі мен жастар арасында аддиктивті мінез- құлықтың қалыптасуына деген бейімділік арасындағы байланысты анықтау болды. Негізгі диагностикалық құрал ретінде Л.И.Вассерманның невротизация деңгейін анықтау әдістемесі болып отыр. Зерттеуге 20-22 жастағы 3-4 курс студенттері қатысқан. Сауалнамаға жауап берген респонденттер саны 82. Алынған нәтижелердің математикалық және статистикалық талдауы мақалада берілген. Статистикалық талдауды жүргізу үшін Стюденттің Т-критерийі таңдалды. Мәліметтер кестелер және диаграммалар түрінде берілген. Теориялық және эмпирикалық мәліметтер жүйеленіп, қорытындысы берілді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Букешова , С., Ниетбаева , Г. і Адирбекова , Ж. 2025. ҚАЗІРГІ ЖАСТАР АРАСЫНДА АДДИКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 83, 2 (Чер 2025), 164–174. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.83.2.015.