Мақала бүгінгі таңда өзекті болып отырған мәселе - жасөспірімдердің интернет ойындарына тәуелділігіне арналған. Бұл зерттеу тақырыбына қатысты теориялық материалдарды толық қамтып, психологиялық аспектілерін кеңінен ашып, талдаған. Авторлар қазіргі ақпараттық қоғам үшін ақпаратық технологияның, оның ішінде интернет желісінің орасан зор мүмкіндігін баса көрсете келе, жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігіне сәйкес жағымсыз ықпалын толық қарастырған. Интернет-тәуелділік мәселесі салыстырмалы түрде шетелде ерте өзекті бола түсуіне байланысты зерттеу жұмысында оны осы уақытқа дейін зертеген шетел ғалымдарының еңбектеріне жан-жақты талдау жасалған. Тәжірибелік-зерттеу жұмысы барысында вербальды диагностика әдістері таңдап алынған: «Интернетті қабылдау» Е.А. Щепилиннің сауалнамасы; Р.Кеттелдің «16-факторлық тұлғалық сауалнамасы»; Дембо-Рубинштейннің «Өзін-өзі бағалау» әдістемесі; В. Столин және С.Пантилееваның «Өз-өзіне қатынасы» тестісі.
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ ОЙЫНДАРЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған December 2022
198
153
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
А.Х., К. , И.У., Х., Д. Г., .Х. і Г.Ж., Т. 2022. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ИНТЕРНЕТ ОЙЫНДАРЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 72, 3 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2161.2022.84.35.017.