Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық аумағы дамуының психологиялық ерекшеліктері мен механизмдері қарастырылған. Отандық және шетелдік ғалымдардың балалардың түрлі танымдық процестерінің даму спецификасы жөніндегі зерттеулері мен тұжырымдары талданып, жұйеленіп, көрсетілді. Баланың танымдық процестері ересектермен қарым-қатынас жасау негізінде жақсы дамып жетілетіні жөнінде тұжырым жасалып, балалардың алғашқы сөздік қорының артуына маңызды алғышарт болып табылатыны ескеріледі. Сонымен қатар бұл мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың қабылдау, зейін, ес, сөйлеу, ойлау және қиял сияқты танымдық процестерін эксперименттік тұрғыдан қалыптастыру бойынша жүзеге асырылған тәжірибелік зерттеудің нәтижелері талданып, көрсетілген. Жалпы баланың танымдық аумағы дамуында барлық танымдық процестердің интеграциясы маңызды рөл атқаратыны ерекше көрсетілген.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланған February 2023
127
370
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
мектепке дейінгі жастағы балалар
танымдық аумақ
даму,
қабылдау,
зейін
ес
ойлау
қиял
мектепке оқуға дайындық
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Асылханова, М., Сабирова , Ж. і Қуанәлі, М. 2023. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 73, 4 (Лют 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/8617.2022.63.58.003.