Аннотация
Аталған мақалада дарындылық феноменіне мазмұндық талдау жүргізіліп, дарындылық белгілерін анықтаудың түрлі жолдары мен балалардың логикалық ойлауын дамытудың маңыздылығы айқындалады. Сондай-ақ мәліметтерді саралау барысында дарынды балалардың логикалық ойлауын дамытуда «менталды арифметика» деп аталатын жапондық көлденең арифметикалық есептеу әдісін қолданудың тиімділігі туралы сөз қозғалады. Жоғарыдағы міндеттерді шешу мақсатында менталды арифметиканың тарихына, негізгі бағыттары мен мүмкіндіктеріне анализдік талдау жүргізіледі.