Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АССЕРТИВТІЛІК ДЕҢГЕЙІ МЕН ЖЕКЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ

Жарияланған October 2022

170

81

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
Аңдатпа

Берілген мақала COVID-19 пандемиясы кезінде қазақстандық студенттердің ассертивтілігі мен жеке құндылықтарын зерттеу мәселесіне арналған. Коронавирустық пандемия басталғаннан бері бүкіл әлемнің ғалымдары мазасыздық пен стресстің күрт жоғарылағанын атап өтті, алайда, бізге қолжетімді ақпарат көздеріне сүйенсек, Қазақстанда пандемия кезінде ассертивтілің деңгейіне, сондай-ақ жеке құндылықтардағы өзгерістерге қатысты зерттеулер жүргізілмеген.

Мақаланың мақсаты – пандемияның ассертивтілік деңгейіне әсерін зерттеу, сонымен қатар пандемия кезінде студенттердің жеке құндылықтарының иерархиясын анықтау.

Нәтижелерді алу үшін жоғары валидтілік пен сенімділікке ие Ратустың ассертивтілік шкаласы пайдаланылды; респонденттердің әлеуметтік-демографиялық деректері, пандемияның білім беру процесіне әсерін бағалау шкаласы, сондай-ақ жеке құндылықтар шкаласы бойынша ақпарат жиналды. Сауалнамаға 220 респондент қатысып, жауаптар Google Forms көмегімен жиналды.

Зерттеу нәтижелері ассертивтассертивтілік деңгейі мен пандемияның әсері арасындағы байланыстың орташа дәрежесін көрсетті, ал респонденттердің 55% - ында орташа ассертивтілік деңгейін көрсетті; респонденттердің жеке құндылықтары үш негізгі факторды қамтыды: білім беру қызметі, отбасы, денсаулық, бұл көрсеткіштер мінез-құлық стратегиясын таңдау кезінде жетекші болып табылады.

Осылайша, Ратус шкаласы бойынша өзіне деген сенімділіктің орташа деңгейі ассертивтіліктің болуын көрсетеді, бірақ жеткіліксіз деңгей болып есептеледі. Өйткені ассертивтіліктің жеткілікті деңгейі ғана адамның субъективті психологиялық әл-ауқатына және психикалық денсаулығына оң ықпал етеді. Жеке құндылықтарды зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, пандемия кезінде респонденттердің білім беру процесін, отбасы мен денсаулығын бірінші орынға қойғанын анықтауға болады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ерментаева, А. і Калжанова, А. 2022. УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АССЕРТИВТІЛІК ДЕҢГЕЙІ МЕН ЖЕКЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 71, 2 (Жов 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7847.01 .