Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ

Жарияланған October 2022

168

92

Аңдатпа

Мақала қоғамның қай кезеңінде де өз маңыздылығын жоймаған көкейкесті мәселе - бастауыш сынып оқушыларының эмоционалды жағдайын отбасылық қатынастар арқылы түзету жұмысына арналған. Отбасында жеке тұлғаның көптеген сапалары қалыптасып, болашақ қабілеттері мен кемшіліктері бастауын алады. Мұнда адамның адамгершілігінің негізі салынып, оның ішкі жан дүниесі, жекелігі, мінез-құлық нормалары қалыптасады. Ата-ананың отбасында тұлғааралық қарым-қатынаста көрініс табатын мінез ерекшеліктері отбасында орнайтын қатынастарға тікелей әсер етеді және нақты бір отбасылық тәрбие стильдерін таңдауларына  түрткі болады.

Авторлар зерттеу тақырыбына қатысты теориялық әдебиеттерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйене отырып,  терең талдау жасаған. Оның ішінде балалардың эмоционалдық жағдайы отбасының келесі сипаттамаларымен корреляциялық байланыстылығын ашқан: ана депривациясы, ересектердің балалармен қарым-қатынасының ерекшеліктері, баланың ата-анасына эмоционалды қатынасы, отбасындағы балалардың бір-бірімен қарым-қатынасының ерекшеліктері.

Тәжірибелік эксперимент жұмысының алғашқы диагностика нәтижелері негізінде бірінші бағыт бойынша психологиялық түзету бағдарламасы құрастырылып, отбасылық ортаны қолайлы етудегі тиімділігі анықталды. Нәтижесінде бала интеллектісінің дамуында да жағымды өзгерістер болып, яғни, интеллектіге жағымды отбасылық ортаны ұйымдастыру арқылы оңтайлы ықпал етуге болатындығы дәлелденеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кисметова, Г., Турежанова, Г. і Навекова, Д. 2022. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫН ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 71, 2 (Жов 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7847.20 .