Мақалада Қазіргі уақытта жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлық мәселесінің жалпы әлеуметтік дағдарысқа байланысты ерекше маңызға ие болуы жайлы, жабық мекемедегі тәрбиеленушілердің психикалық күйін, ерекшеліктерін психологиялық тұжырымдамалар арқылы түсіндіріліп, олардың сол мекемеге түскеннен кейінгі психикалық жағдайының ерекшеліктері туралы қарастырылған. Жабық мекемедегі тәрбиеленушілер, әр жас кезеңінде, оларды отбасында өсіп келе жатқан құрдастарынан ерекшелендіретін психологиялық қасиеттердің спецификалық және әр түрлі кешендерімен сипатталады. Құқық бұзушының зиян келтіруі адамға, оның құқықтары мен бостандықтарына, мүлкіне, заңды тұлғалардың құқықтарына, басқа да қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге, мемлекет белгілеген құқықтық тәртіпке қол сұғумен байланысты. Оларды заңдарда жауапкершіліктің әр түрлі түрлері белгіленген құқық бұзушылықтар ретінде анықтау арқылы, құқық нормаларында рәсімдейді, белгіленген заң бойынша жауапкершілікке тартылады. Бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандарды қайта әлеуметтендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін ең алдымен олардың жасына байланысты психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Жабық мекемедегі тәрбиеленушілердің психологиялық ерекшеліктері
Жарияланған December 2022
86
103
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Korgambekova, Z. і Ақажанова, А. 2022. Жабық мекемедегі тәрбиеленушілердің психологиялық ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 72, 3 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/5402.2022.75.60.002.