Мақалада кәсіпкерлік қызметпен одан әрі айналысуды жоспарлайтын білім алушылардың және жалдамалы қызметкер ретінде мемлекеттік құрылымдар мен түрлі ұйымдарда болашақ кәсіби қызметін жоспарлайтын білім алушылардың көшбасшылық дағдыларының көрініс ерекшеліктерін салыстырмалы талдау нәтижелері ұсынылған. Кәсіпкерлік-бұл кәсіби және жеке әлеуетті өзін-өзі жүзеге асырудың ерекше кеңістігі. Сондықтан қазіргі заманғы жоғары оқу орындары түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін тек кәсіби білім мен дағдыларды ғана емес, кәсіпкерлік дағдыларды да қалыптастыруға бағдарланған. Алынған нәтижелер кәсіпкерлік қызметті жоспарлайтын және жоспарламайтын білім алушылар арасындағы көшбасшылық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдылар деңгейіндегі нақты айырмашылықтарды көрсетеді.
Алынған нәтижелер жоғары оқу орындары студенттерінің кәсіпкерлік белсенділігі құрылымындағы көшбасшылықты зерделейтін зерттеушілер үшін практикалық маңызы бар.