Бұл мақалада сөйлеудің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық, семантикалық аспектілері бұзылған мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қарым-қатынасының ерекшеліктері теориялық түрде ашылады. Коррекциялық-тәрбиелік іс-әрекет процесінде мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті қабілеттерін дамыту арқылы вербальды байланыс ерекшеліктері көрсетілды. Дамудағы сөйлеу қиындықтарын жеңуге жан-жақты көмек көрсетудің маңыздылығы қарастырылады. Мақалада балалардың сөйлеуін одан әрі дамытуға психологиялық денсаулықтың әсері сипатталған. Логопедиялық, арнайы және психологиялық көмекті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар ашылды.