Мақалада Е.В.Распопиннің «Cтресс көздеріне төзімділік шкаласы» орыс тілді сауалнаманы бейімдеу тәжірибесі келтірілген. Қазақстанда тұратын қазақ тілді іріктеме үшін осы орыс тілді сауалнаманы сынақтан өткізу қажеттілігіне негіздеме беріледі. Бұл ең алдымен, адамдарға стрессті жеңуге және оларға психологиялық көмек көрсетуде психодиагностикалық әдістер жетіспеушілігіне байланысты. Қазақ тіліне аударылатын әдістемелерді апробациялауға қойылатын тиісті талаптарды сақтай отырып, тесттің қазақ тіліндегі нұсқасын құрастырудың ұйымдастырушылық аспектілері қарастырылады. Сауалнаманың бастапқы формасын құрудың және оны психометриялық тексерудің дәстүрлі процедурасы сипатталған. Сауалнаманың барлық тармақтарын талдағаннан кейін анықталған мәлімдемелердің тиімділігінің себептері, сондай-ақ тесттің психометриялық сипаттамаларын тексерудің кейбір сәттері талданды.
Е.В.РАСПОПИННІҢ «СТРЕСС КӨЗДЕРІНЕ ТӨЗІМДІЛІК ШКАЛАСЫ» СҰРАҚНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛДІ НҰСҚАСЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ
Жарияланған June 2022
174
129
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
BAPAYEVA, S. і Касымжанова 2022. Е.В.РАСПОПИННІҢ «СТРЕСС КӨЗДЕРІНЕ ТӨЗІМДІЛІК ШКАЛАСЫ» СҰРАҚНАМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛДІ НҰСҚАСЫНЫҢ БЕЙІМДЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 70, 1 (Чер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7847.37 .