Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Буллинг құрбандарының психологиялық денсаулығының клиникалық-психологиялық ерекшеліктері

Жарияланған June 2026

3

0

##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Айзат Молдагасимова

Молдағасимова Айзат Балтағұлқызы Медицина және денсаулық сақтау саласындағы философия докторы (Ph.D), «Халықаралық Академия

Ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер» Калифорния, АҚШ.

e-mail: sabr.1971@mail.ru

 

КазГосЖенПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Раушан Рысбекова

Рысбекова Раушан Қасымбекқызы, Спорт менеджменті бойынша іскери әкімшілік магистрі (EMBA Sport Management), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті жобалық кеңсе басшысы

 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гульмира Топанова

Топанова Гульмира Туяковна, доктор философии  (PhD) по специальности психология,.программный лидер кафедры психологии Казахского национального женского педагогического университета/
Идентификатор исследователя в Web of Science : NIV-1027-2025

https://orcid.org/0000-0001-6167-5982

Электронная почта topanova.g@qyzpu.edu.kz

##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Бота Кожина

Кожина Бота Саматқызы

«Әлеуметтік педагогика», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бакалавр, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті аппаратының басшысы

botasamatqyzy@gmail.com,

https://orcid.org/0009-0004-4220-3057

Аңдатпа

Мақалада буллинг құрбандарының психологиялық денсаулығының клиникалық-психологиялық ерекшеліктері қарастырылады. Қазіргі қоғамда буллинг балалар мен жастардың психикалық денсаулығына елеулі қауіп төндіретін күрделі әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде кеңінен зерттелуде. Буллингке ұшыраған тұлғалар эмоционалдық күйзеліс, мазасыздық, депрессиялық симптомдар, өзін-өзі бағалаудың төмендеуі, әлеуметтік оқшаулану және психосоматикалық бұзылыстар сияқты жағымсыз психологиялық салдарларға жиі тап болады.

Зерттеу нәтижелері буллинг құрбандары мен бақылау тобы арасында психологиялық денсаулық көрсеткіштері бойынша айқын айырмашылықтардың бар екенін көрсетті. Атап айтқанда, буллинг құрбандарында психологиялық дистресс деңгейі (GHQ-28) жоғары, депрессиялық симптомдар (BDI-II) орташа деңгейге жақын, мазасыздық көрсеткіштері (Спилбергер–Ханин шкаласы) едәуір жоғары, ал өзін-өзі бағалау (Розенберг шкаласы) айтарлықтай төмен екені анықталды. Сонымен қатар корреляциялық талдау нәтижелері буллинг деңгейі мен депрессия (r=0,62), мазасыздық (r=0,58) арасында оң байланыс бар екенін, ал өзін-өзі бағалаумен теріс байланыс (r=-0,66) бар екенін көрсетті.

Алынған нәтижелер буллингтің психологиялық денсаулыққа әсері тек қысқа мерзімді емес, ұзақ мерзімді сипатқа ие екенін растайды. Буллинг тәжірибесі тұлғаның когнитивтік бағалау жүйесіне, эмоционалдық тұрақтылығына және әлеуметтік бейімделуіне теріс ықпал етеді. Мақаланың мақсаты – буллинг құрбандарының психологиялық денсаулығының клиникалық-психологиялық ерекшеліктерін теориялық және эмпирикалық тұрғыдан талдау, сондай-ақ олардың психикалық саулығына әсер ететін негізгі факторларды анықтау.

Зерттеу нәтижелері буллингтің құрбандарында мазасыздықтың, депрессиялық көріністердің, жоғары психологиялық дистресстің және өзін-өзі бағалаудың төмендеуінің басым екенін дәлелдейді. Алынған мәліметтер буллингтің алдын алуға және оның психологиялық салдарын азайтуға бағытталған психологиялық көмек көрсету бағдарламаларын жетілдіру қажеттілігін көрсетеді.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Молдагасимова , А. , Рысбекова, Р., Топанова , Г. і Кожина , Б. 2026. Буллинг құрбандарының психологиялық денсаулығының клиникалық-психологиялық ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 228–237. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.020.