Мақалада жоғары оқу орнындағы кəсіби даярлық кезеңінде болашақ педагог-психологтар
мен психологтардың лидерлік əлеуеті мен эмоционалды интеллектісін дамытудың
психологиялық детерминанттары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – кəсіби даярлық
үдерісінде студенттердің лидерлік əлеуеті мен эмоционалды интеллектісі арасындағы өзара
байланысты анықтау жəне олардың дамуына ықпал ететін психологиялық факторларды
теориялық жəне эмпирикалық тұрғыдан негіздеу. Теориялық бөлімде «лидерлік» жəне «лидерлік
əлеует» ұғымдарының мазмұны талданып, олардың болашақ мамандардың кəсіби
қалыптасуындағы рөлі айқындалады. Эмпирикалық зерттеуде Е. Жариков пен Е.
Крушельницкийдің «Лидерлік қабілеттер диагностикасы» əдістемесі, Н. Холлдың эмоционалды
интеллект тесті жəне Л. В. Мищенконың оқу іс-əрекетіне қанағаттану сауалнамасы қолданылды.
Зерттеу нəтижелері оқу іс-əрекетіне қанағаттану деңгейі мен лидерлік əлеуеттің дамуы арасында
оң байланыс бар екенін көрсетті. Сонымен қатар, лидерлік əлеует эмоционалды интеллектінің
қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін маңызды психологиялық фактор ретінде анықталды.
Алынған нəтижелер жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне лидерлік пен эмоционалды
интеллектіні дамытуға бағытталған бағдарламаларды енгізудің маңыздылығын дəлелдейді.
Кəсіби оқу кезеңінде лидерлік қабілеттер мен эмоционалды интеллектіні дамытудың психологиялық детерминанттары
Жарияланған June 2026
5
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
лидерлік қасиеттер
оқу іс-әрекетіне қанағаттану
эмоционалды интеллект
кәсіби қалыптасу
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кулымбаева, .А., Нұрқасынова, Л., Исмагамбетова, Г. і Усенова, М. 2026. Кəсіби оқу кезеңінде лидерлік қабілеттер мен эмоционалды интеллектіні дамытудың психологиялық детерминанттары . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 87, 2 (Чер 2026), 127–135. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.87.2.011.

