Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жарияланған March 2026

6

1

Абай атындағы ҚазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Амира Сулейменова

Магистр психологии

Абай атындағы ҚазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гульжанар Бекмуратова

Бекмуратова Гульжанар Тогызбаевна – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, психология
ғылымдарының
кандидаты,
E-mail: ranajlug@mail.ru

Астана халықаралық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Бакытгуль Исатаева

Исатаева Бакытгуль Бакитовна–Астана халықаралық университеті, Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Астана қ., Қазақстан, bbi_73@mail.ru

Аңдатпа

Мақалада егде жастағы адамдардың психоэмоционалды жағдайын зерттеу және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау қарастырлыған. Зерттеудің мақсаты – егде жастағы адамдардың психоэмоционалды жағдайын кешенді түрде зерттеу және депрессиялық, мазасыздық көріністері мен негізгі эмоционалды модальділіктер арасындағы өзара байланыстарды анықтау болды. Эмпирикалық зерттеу үлгісіне орташа жасы 72 жыл болатын 48 адам кірді. Психоэмоционалды жағдайды бағалау үшін Бек депрессия шкаласы, Спилбергер–Ханин мазасыздық шкаласы және төрт модальды эмоционалды сауалнама қолданылды, бұл қатысушылардың субъективті эмоционалды тәжірибесін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік берді.

Нәтижелерге сәйкес, көпшілігінде субклиникалық депрессиялық және мазасыздық белгілері анықталды. Эмоциялық тәжірибелердің құрылымын талдау жағымды эмоциялардың төмен деңгейін және теріс эмоциялардың, әсіресе қайғы мен қорқыныштың басым екенін көрсетті. Корреляциялық талдау қайғы деңгейі мен депрессия, сондай-ақ қорқыныш пен ситуативтік және тұлғалық мазасыздық арасындағы статистикалық маңызды оң байланыстарды көрсетті.

Зерттеу нәтижелері егде жастағы адамдардың психоэмоционалды жағдайын кешенді түрде бағалаудың, эмоционалды компоненттердің өзара байланысын ескерудің маңыздылығын растайды және эмоционалды қиындықтарды ерте анықтау мен психологиялық қолдау бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Сулейменова, А., Бекмуратова, Г. і Исатаева , Б. 2026. ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 86, 1 (Бер 2026), 158–167. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2026.86.1.015.