Мақалада инклюзивті білім беру жағдайында co‑teaching моделі арқылы педагогтердің кәсіби негіздегі бірлескен өзара әрекеттестігінің психологиялық аспектілері қарастырылған. Зерттеу кезінде педагогтердің кәсіби, эмоционалдық және танымдық дамуына әсер ететін, негізгі құзыреттіліктері қалыптасуы үшін co‑teaching моделі негізінде оқытуды тиімді ұйымдастырудың жолдары айқындалған. Болашақ педагогтер (дене шынықтыру және спорт, бастауыш білім беру мамандықтары) мен болашақ арнайы педагог өзара бірлескен әрекеттестігіне әсер ететін шарттар мен факторлар талданады, оның қатарында бірлескен жұмыс әсері, әр педагог рөлі, кәсіби ұстанымдар, болашақ педагог даярлығында қажетті дағдыларды игеру. Зерттеуге дене шынықтыру және спорт мамандығының 25 студенті, бастауыш білім беру мамандығының 28 студенті, арнайы білім беру мамандығының 20 студенті қатысты, олардың арасында сауалнамалық зерттеу жүргізіліп, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдамасы жасалынды. Зерттеу нәтижесінде кәсіби негіздегі бірлестік мүмкіндіктерін айқындауда, педагогикалық серіктестікті күшейтуде, инклюзивті білім беру сапасын арттыру мен психологиялық ахуалды жақсартуға co‑teaching моделін қолданудың әсері. Мақалада co‑teaching моделі элементтерін болашақ педагогтердің даярлық үдерісіне қосудың нақты тетіктері ұсынылған, ол әр білім алушының дербес оқу бағдарын тиімді ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге мүмкіндік берді.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛОШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: CO-TEACHING МОДЕЛІ
Жарияланған December 2025
26
11
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
инклюзивті білім беру
кәсіби үйлесімділік
психологиялық аспектілер
бірлескен оқыту (Co-teaching)
педагогикалық серіктестік
мұғалімдердің өзара әрекеттесуі
кәсіби даму
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Оспанкулов, .Е. , Бутабаева, Л., Умирбекова , А. і Байгалиев , .А. 2025. ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛОШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: CO-TEACHING МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 85, 4 (Груд 2025), 372–385. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.85.4.032.

