Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

Студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі құндылық бағдарлардың психологиялық ерекшеліктері

Жарияланған December 2025

9

10

Әл-Фараби атныдағы ҚазҰУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гульнар Салимова

докторант 1 курса, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Республика Казахстан. E-mail: guka__99@mail.ru

Әл-Фараби атныдағы ҚазҰУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Нұргүл Тоқсанбаева

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психология ғылымдарының докторы, Алматы қ., Қазақстан. E-mail: n.toksanbaeva@mail.ru

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Хапиза Наубаева

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КеАҚ, Педагогика және психология факультетінің қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының докторы, Талдықорған қ., Қазақстан.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Тараз, Казахстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Шолпан Турдалиева

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Әлеуметтік психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, психология ғылымдарының кандидаты, Тараз қ., Қазақстан.E-mail: sh.turdalieva@dulaty.kz

“Q” университеті, Алматы, Қазақстан
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Мейірімгүл Еркінбекова

«Q» университеті, «Психология және журналистика» академиялық мектебінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты, Алматы қ., Қазақстан. E-mail: erkinbekova.m@q.edu.kz

Аңдатпа

Бұл мақалада студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделуіне құндылық бағдарлардың ықпалы психологиялық зерттеу әдістері арқылы қарастырылды. Зерттеу студенттердің құндылық жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтауға, олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі ортақ белгілер мен айырмашылықтарын айқындауға мүмкіндік берді. Жұмыстың тек теориялық маңыздылығы ғана емес, сонымен қатар практикалық құндылығы да бар: ол білім беру ұйымдарында студенттердің құндылық бағдарларын ескере отырып, олардың әлеуметтік бейімделуін қолдауға бағытталған психологиялық бағыттарды жетілдіруге негіз болады. Сонымен қатар, студенттердің құндылық бағдарлары мен әлеуметтік бейімделуін зерттеу психология ғылымының өзекті бағыттарының бірі ретінде нақтыланады. Жалпы алғанда, құндылықтар - бұл тұлғаның өмірлік ұстанымдары мен бағдарларын айқындайтын маңызды ақпараттық қабат, оны тиімді қолдану арқылы студенттің әлеуметтік ортада жақсы әрекет етуіне және тұлғалық дамуын жүзеге асыруына мүмкіндік туады деген идеяны білдіреді. Құндылық бағдарларды анықтауға арналған әдістерді көптеген ғалымдар, соның ішінде Ш.Шварц, Э.Шпрангер, К.Роджерс және басқа зерттеушілер әлеуметтік бейімделу мен тұлғалық даму контекстінде қарастырған. Олар құндылық бағдарларын тұлғаның мінез-құлқын, әлеуметтік ортадағы өзара әрекеттесуін және өмірлік стратегияларын айқындайтын негізгі фактор ретінде сипаттады. Зерттеу студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделу нәтижелерін анықтау мақсатында олардың құндылық бағдарларын дамытуға және бейімделу үдерісін қолдануға бағытталған психологиялық жұмыстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Қайнар университеті студенттері арасында жүргізілді. Респонденттер ретінде 18-19 жас аралығындағы 75 студентке эмпирикалық зерттеу жасалды. Зерттеуге қатысушылардың құндылық бағдарлары мен әлеуметтік бейімделу деңгейлері арнайы психологиялық әдістемелер кешені арқылы анықталды.

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Салимова, Г., Тоқсанбаева, Н., Наубаева , Х. , Турдалиева , Ш. і Еркінбекова , М. 2025. Студенттердің әлеуметтік ортаға бейімделуіндегі құндылық бағдарлардың психологиялық ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 85, 4 (Груд 2025), 320–328. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.85.4.027.