Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ARTIFICIAL INTELLIGENCE ПЛАТФОРМАСЫНДА ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНА PROMT-МӘТІН ҚҰРАСТЫРУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕДИАПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Жарияланған December 2025

0

0

Абай атындағы ҚазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Мухамедрахим Курсабаев

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Алматы қ., Қазақстан.
E-mail: kursabaev1961@mail.ru

Абай атындағы ҚазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Бауыржан Cайдахметов

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, Алматы қ., Қазақстан.
E-mail: baur1964@mail.ru

Орталық Азия инновациялық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Гүлнара Джумагулова

Жұмағұлова Гүлнара Шыңғысқызы – педагогика кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымының кандидаты, Орталық Азия инновациялық университеті, Шымкент, Қазақстан

zhumagulova-73@mail.ru

ORCID: https://orcid.org/ 0000-0001-7761-720X

Аңдатпа

 

     Жаһандық цифрлық трансформация жағдайында мектеп оқушыларының Artificial Іntelligence in Education немесе Pedagogy платформалары арқылы психоэмоциялық, коммуникативтік, танымдық, креативтік әрекеттерінің белсенді көрініс табуы – жас ұрпақтың медиапсихологиялық ойлау қабіліеттерінің жаңа деңгейге көтерілуіне зор ықпалын тигізуде. Аталмыш құбылыс, орта буын оқушыларының  заманауи мектеп практикасындағы оқу-тәрбие жұмыстарының жүктемелері мен тапсырмаларын сапалы орындауы барысында бірқатар педагогикалық-психологиялық мәселелерді туындатты. Атап айтқанда, оқушылардың топтық жұмыс форматында түрлі ақпараттарды түсінуі, қабылдауы, қолдануы арқылы бір шешімге келуі үрдісінде Artificial Іntelligence (Жасанды Интеллект) ресурстарын тақырып аясына сай жоспарлау мен пайдалану әрекеттерінің күн санап түрленіп келе жатқанын байқауға болады.

     Осы орайда OpenAI, Gemini, ChatGPT, Artificial Intelligence in Pedagogy, LLama, Yandex,  ISSAI-KazLLM платформалары көмегімен экология тақырыбына Promt-мəтін құрастыруда мектеп оқушыларының медиапсихологиялық ойлау қабілеттерін дамыту бойынша зертеу жұмысын жоспарлауды қолға алып отырмыз. Ондағы басты мақсатымыз білім мен тәрбие жүйесіне жағымды контенттері бар АІ-платформалар: AppHeygen, ComicsMarker, Dall-E3, AppEskritor, Andersenlab, Animation Generator және басқа ресурстарда балалардың экология тақырыбына Promt-мəтін құрастыруда медиапсихологиялық ойлау қабілеттерінің дамуына назар аудару қажет екенін жеткіземіз.

     Зерттеу барысында оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін ойына тоқуы, қосымша оқу-тәрбие жұмыстарынан туындаған түйткілді мәселелерді топпен бірлесе отырып шешудің жолын таба білуі, түрлі тапсырмаларды орындаудағы әр оқушының жеке тұлғалық, индивидтік, лидерлік, Soft Skill және Hard Skill икемділік дағдыларын үйренуі мен меңгеруі, сондай-ақ, АІ-платформаларда экология тақырыбына қатысты Promt-мəтіндерді жылдам іздестіру, сөйлем құрау, қарастырып отырған мәселені шешуге көмекші құрал бола алатын ұтымды технологияларды қолдану процесіндегі медиапсихологиялық ойлау қабілеттерінің дамуына қажетті көріністер мен әрекеттерді бақылау, салыстыру, бағалау және сипаттау әдістерін пайдалану аса маңызды шарттардың бірі екені дәлелді түрде баяндаймыз.

     Түйін сөздер: балалар медиапсихологиясы, Artificial Intelligence in Pedagogy, экологиялық promt-мәтіндер, Soft Skill және Hard Skill дағдылары, Internet Addiction, Networking, жеке тұлға қабілеттері, топтық жұмыс.

 

PDF
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Курсабаев, М., Cайдахметов .Б. і Джумагулова, Г. 2025. ARTIFICIAL INTELLIGENCE ПЛАТФОРМАСЫНДА ЭКОЛОГИЯ ТАҚЫРЫБЫНА PROMT-МӘТІН ҚҰРАСТЫРУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕДИАПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 85, 4 (Груд 2025), 149–162. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.85.4.013.