Мақала болашақ педагог-психологтардың жоғары білім беру жүйесіндегі цифрлық құзыреттілігін дамыту мәселесін зерттеу қажеттілігімен байланысты. Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті цифрлық ортада жұмыс істеуге, жетілдіруге және дамуға дайын маман даярлау болып табылады. Авторлар «цифрлық құзыреттілік», «даму» ұғымдарының мәнін ашты. Олардың пікірінше, цифрлық құзыреттілік дегеніміз ― цифрлық технологиялар мен интернет желісінің көмегімен ақпаратты іздеу, жүйелеу, құрылымдау біліктілігі мен дағдылары, сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешу мақсатында білім беру және оны сыни бағалауды білу. Мақалада жоғары білім беру жүйесінде білім алушы болашақ педагог-психологтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту шарттары тұжырымдалған: ақпараттық-білім беру ортасын дамыту және білім беру процесіне қосымша шынайылықтарды енгізу. ЖОО-ның ақпараттық-білім беру ортасының тиімді жұмыс істеуі үшін студенттерге ақпараттық-білім беру жүйесіне сәйкестендіру негізінде ашық қолжетімділік беру қажет жергілікті және ғаламдық желілерде оқытушымен де, бір-бірімен де өзара іс-қимыл жасай отырып, зертханалық жұмыстарды орындауға, ақпаратты іздестіруді, іріктеуді, беруді жүзеге асыруға, интерактивті диалог жағдайында ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Соңғы уақытта цифрлық технологияларды қолдану аясы артты. Мақалада оқу процесінде қолдануға болатын әртүрлі қолданбалы қосымшалар қарастырылады. Авторлардың пікірінше, болашақ педагог-психолог мамандарының ЖОО-нда бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігінде жұмыс істеуі, білім беру процесінде цифрлық технологияларын пайдалану білім алушылардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға ықпал етеді.
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Жарияланған July 2025
78
45
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
ақпараттық технологиялар
цифрлық сауаттылық
цифрлық құзыреттілік
коммуникация
қосымшалар
инновация
цифрландыру
дамыту
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нұрсұланқызы, А., Маженова, Р. і Аманбек, Ж. 2025. ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 83, 2 (Лип 2025), 214–228. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.83.2.019.

