Мақалада студенттердің волонтерлік қызметке қатысуы арқылы әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырудың психологиялық механизмі қарастырылады. Зерттеуде негізгі әдістер ретінде сауалнама жүргізу, жартылай құрылымдалған сұхбаттар және корреляциялық талдау қолданылды. Заманауи ғылыми әдебиеттер мен эмпирикалық деректерді талдау нәтижесінде әлеуметтік жауапкершіліктің моральдық рефлексияны, эмпатиялық қатысуды және әлеуметтік сәйкестенуді нығайту арқылы қалыптасатыны көрсетілді. Зерттеу нәтижелері волонтерлік қызметтің студенттердің әлеуметтік жауапкершілік, эмпатия және моральдық рефлексия деңгейлерін едәуір арттыратынын көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы — моральдық рефлексияны, эмпатиялық қатысуды және әлеуметтік қатыстылықты біріктіретін кешенді психологиялық механизмді негіздеу. Практикалық маңызы — білім беру ортасына волонтерлік бағдарламаларды енгізу арқылы студенттердің азаматтық белсенділігін арттыруға арналған ұсыныстар әзірлеу.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Жарияланған July 2025
52
34
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
әлеуметтік жауапкершілік
волонтерлік қызмет
моральдық рефлексия
эмпатия
әлеуметтік сәйкестену
психологиялық механизм
студенттер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Utemisova, Z. і Abdigapbarova, U. 2025. СТУДЕНТТЕРДІҢ ВОЛОНТЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ БАРЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 83, 2 (Лип 2025), 307–316. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.83.2.027.

