Эмоционалды интеллект мәселесі психологиялық зерттеулерде жеткілікті өзекті мәселе болып табылады, соған байланысты аталған ұғымды түсіндірудегі және оның түйінді компоненттерін сипаттаудағы тұғырлардың кең диапазоны байқалады. Эмоционалды интеллект феномені ең көп талқыланатын мәселелердің бірі ретінде болуда, бұл ретте оның тұжырымдамалық өрісіне қатысты көптеген сұрақтарға қазіргі уақытқа дейін әлі сенімді жауаптар табылмай отыр. Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық денсаулығы және даму мәселесі қазіргі замандағы психологтардың назарын аударып отырғаны сөзсіз. Сонымен қатар, дамудың әлеуметтік жағдайы баланың психикасын дамытудың негізгі факторы, соның ішінде, баланың психомоторлы және танымдық қабілеттерін дамытудың негізгі факторы болып табылатыны белгілі.
Мақалада балалардың эмоционалды интеллектін зерттеудің және диагностикалаудың жалпы тұғырлары мен принциптері қарастырылған, ересек мектеп жасына дейінгі балалармен диагностикалау жұмысын жүргізудің өзгешелігі көрсетілген, сонымен бірге, ересек мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды интеллектін эксперименттік зерттеудің нәтижелері ұсынылған. Зерттеу барысында психологиялық әдістемелер кешенін тәжірибеге ендіру жүзеге асырылған, оларды авторлар негіздемелік тұрғыда ересек мектеп жасына дейінгі балалардың эмоциналды интеллектін диагностикалаудың құралдары ретінде қолдануды ұсынады.

