Мақалада тұлғаның стильдік қасиеттерінің өмірдегі табыстылықпен байланысы мәселесі қарастырылады. «Тұлғаның стильдік қасиеттері» және «өмірлік табыстылық» ұғымдарына теориялық талдау жүргізілді, олардың жеке өзін-өзі жүзеге асырудағы рөлі негізделген. Тұлғаның стильдік ерекшеліктері — бұл адамның қызметке, қарым-қатынасқа және сыртқы орта әсеріне бейімделуінің тұрақты әрі тән тәсілдерін сипаттайтын жеке қасиеттер. Ал өмірлік табыстылық — адамның кәсіби, жеке және әлеуметтік өмір салаларында қол жеткізген нәтижелерін субъективті және объективті тұрғыдан бағалау арқылы анықталатын көрсеткіш. Ол өзіне мансаптағы жетістіктерді, материалдық жағдайдың деңгейін, тұлғааралық қатынастар сапасын және өмірге деген қанағаттанушылықты қамтиды.
Зерттеуде талдаудың сапалық және сандық әдістерін біріктіретін кешенді әдістемелік тәсіл қолданылды. Әдеби дереккөздерге теориялық талдау және тұлғаның стиль сипаттамаларының өмірлік жетістік көрсеткіштерімен байланысын эмпирикалық зерттеу. Эмпирикалық зерттеуге 25 пен 45 жас аралығындағы 120 адам қатысты, олардың 58-і ерлер мен 62-сі әйелдер. Барлық қатысушылардың жоғары білімі болды және әртүрлі кәсіптік салаларда (бизнес, білім, медицина, мемлекеттік қызмет) жұмыс істеді. Іріктеу мақсатты іріктеу әдісімен қалыптасты. Диагностикалау әдістемелері қолданылды. 1. Тұлғаның стильдік қасиеттерін диагностикалау әдістемесі - А. Г. Шмелев сауалнамасының бейімделген нұсқасы қолданылды 2. Өмірлік табыстылық сауалнамасы– респонденттердің өмірдің негізгі салаларына субъективті қанағаттануын бағалайтын 20 тармақты қамтитын авторлық сауалнама. Субъективті бақылау деңгейін диагностикалау әдістемесі (Е.Ф. Бажин және т. б.) – стиль сипаттамалары мен табыстылық арасындағы әлеуетті медиатор ретінде ішкі мотивация дәрежесін бағалау үшін қолданылды. Деректерді өңдеу IBM SPSS Statistics 26.0 бағдарламалық пакеті арқылы жүргізілді. Эмпирикалық зерттеулерге сүйене отырып, сенімділік, өзін-өзі реттеу, бейімделу және рефлексия сияқты әртүрлі стильдік қасиеттер кәсіби және жеке салаларда өмірлік жетістікке қалай ықпал ететіні анықталды.

