Бұл мақалада жеткіншектер арасындағы алекситимия беліглерінің таралу ерекшеліктері жас және жыныс тұрғысынан қарастырылды. Алекситимия – адамның өз сезімдерін тану, сипаттау және білдіруде қиындықтарға тап болатын психологиялық феномен. Зерттеу жұмысы жеткіншек жас кезеңіндегі эмоционалдық дамудың ерекшеліктері, сонымен қатар олардың психологиялық денсаулығына әсер ететін факторларды анықтауға бағытталған.
Зерттеудің мақсаты- жеткіншектердегі алекситимия деңгейін анықтау, оның жас және жыныс айырмашылықтарымен байланысын эмипирикалық тұрғыдан зерттеу. Зерттеу барысында сауалнама әдісі, эмпирикалық талдау, статистикалық өңдеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде қыз балалар мен ер балалар арасындағы алекситимия көрсеткіштерінде статистикалық айырмашылықтар байқалды. Жас ерекшеліктеріне қарай, алекистимия беліглері 12–13 жаста жиі кездесетіні анықталды. Жеткіншектердің эмоцияны қабылдау және оны жеткізу ерекшеліктері талданып, ұлдар мен қыздар арасындағы айырмашылықтар сараланды. Ер балаларда алекситимия белгілері жиі кездесетіні байқалды, бұл олардың эмоцияны білдіруде көп жағдайда тежелуімен түсіндіріледі. Мақалада алынған деректер жеткіншектермен жүргізілетін психологиялық жұмысты жыныс пен жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырудың маңыздылығын айқындайды.
Зерттеу нәтижелері мектеп психологтарының, әлеуметтік педагогтардың, даму диагностикасы мен алдын-алу шараларын ұйымдастыратын мамандардың практикалық жұмысында қолдануға тиімді.

