Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

Жарияланған July 2025

53

43

КазНПУ им.Абая
Тұран университеті
Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Аңдатпа

Бұл мақалада психологтардың Мен-тұжырымдамасын дамытудағы креативтіліктің рөлі қарастырылады. Өзіндік сананың негізгі элементі ретінде Мен-тұжырымдамасы психологтардың кәсіби іс-әрекетінде маңызды рөл атқарады, олардың кеңес беруіне, психотерапия тәсілдеріне, клиенттің психикасының бейсаналық процестерімен жұмыс істеуіне және жалпы клиенттермен өзара әрекеттесу тәсілдеріне әсер етеді. Зерттеулер көрсеткендей, шығармашылықтың жоғары деңгейі икемді ойлауға ықпал етіп, эмпатия қабілетін жақсартады, бұл өз кезегінде психологиялық көмектің сапасына оң әсерін тигізеді. Алайда, кәсіби іс-әрекетте шығармашылықты дамыту жолдары психологтардың тұлғалық ерекшеліктерімен, яғни талаптану деңгейі, бақылау локусы, құндылық-өмірлік бағдарлары, белгісіздікке деген көзқарасмен тығыз байланысты болып, ақпараттың жаңалығында қызығушылықтар мен болашақтары ашылып талқыланады. Қазіргі практикалық психологияда шығармашылық өзіндік ойын айту практикасы тиімді ретінде қолданылып, креативтілік қазіргі заманғы мамандарға қажетті құзыреттілікке айналады. Өйткені артпрактикасының элементтері, бағыттарының көпшілігі мектептерге енгізілген. Мақалада шығармашылық және Мен-тұжырымдамасы арасындағы байланысты дәлелдейтін эмпирикалық зерттеулердің мысалдары келтірілген. Психолог-кеңес берушілерді іріктеу және олардың Мен-тұжырымдамадағы шығармашылығының көрінісі туралы авторлық эмпирикалық мәліметтер де ұсынылған. Көбінесе бұл мәліметтер психологтардың кәсіби сәйкестігі мен жұмыс тиімділігін жақсарту құралы ретінде нақты шығармашылық дағдыларын дамытудың маңыздылығына түйінделеді.

Түйін сөздер: Шығармашылық, Психолог-кеңесшілердің өзіндік тұжырымдамасы, психологтың кәсіби қызметіндегі шығармашылық компоненттер.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Садыкова, А., Yermentaeva, .A. і Bekmuratova, .G. 2025. ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ӨЗІНДІК ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 83, 2 (Лип 2025), 29–43. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.83.2.003.