Аңдатпа
Мақалада ЕББҚ бар ЖОО – ның білім алушыларының оқу орнына бейімделудің аспектілері қарастырылады және ЖОО – дағы кәзіргі заманғы дамуға байланысты білім алушыларға қолдау көрсетудің өзекті мәселесі қарастырылған. Білім алушылардың танымдық қабілеттері және білім алушының өзіндік жеке ерекшеліктері маңызды.
Жоғары оқу орындарында ЕББҚ бар студенттерді оқу үдерісіне бейімделуінде студенттердің алған білімдерінің табысты болуына педагогикалық - психологиялық қолдау жұмыстары әр студент пен білім беруші оқытушы құрамының байланысты жұмыстары, көпқырлы үдеріс есебінде қарастыруды қажет етеді. ЕББҚ студенттерідің оқу үдерісіне бейімделуінің негізгі 4 критерийлерін атап айтуға болады: когнитивті – студенттердің жоғары оқу орнында білім алуындағы негізгі алға қойған мақсаттарын және оларға жету жолдарын нақты білсе; эмоционалды – ерікті критерийінің болуы – жоғары оқу орнында білім алу үдерісінде тұлғаралық қарым – қатынасты құра білмеу қабілеті болуымен де сипатталады және айналасындағы жаңа жағдайларға өзіндік жай – күйін бағалауының болуы, айналасындағы әлеуметтік құбылыстарды қабылдай алуы мен бейімделуі, дербестігі жатады.

