Мақалада отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы перцептивтік қатынастың психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған зерттеулер жүргізілді. Теориялық талдау негізінде отбасы, отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қатынас, бала тәрбиесіне байланысты ежелгі философтар еңбегінен бастап, қазіргі замандағы психология, отбасы психологиясы, қарым-қатынас психологиясы, әлеуметтік психология саласын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне талдау жасау арқылы перцептивтік қатынас, әлеуметтік перцепция түсінігіне анықтама беріліп, ғалымдардың ой-пікірлері сараланып, ата-ана мен бала арасындағы перцептивтік қатынастың түзілу ерекшеліктері сипатталды. Сондай-ақ, теориялық-әдіснамалық зерттеулердің негізінде тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар ұйымдастырылды. Зерттеу мақсатына орай, эксперименттік жұмыс барысында Дембо – С.Рубинштейн бойынша тұлғаның өзін-өзі бағалау әдістемесі, Е.Г.Эйдемиллер, В.В.Юстицкисдің (ОҚТ) «Отбасылық қатынастарды талдауы», А.Я.Варга мен В.В.Столинаның Ата-ананың қатынасын анықтау сауалнамасы қолданылды. Мақала барысында зерттеуге 61 жасөспірім қатыстырылып, зерттеу нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жүргізілді. Ата-ананың тұлғалық-психологиялық қасиеттері және отбасындағы ата-аналар мен балалар арсындағы өзара қарым-қатынасының сипаты отбасындағы тәрбие түріне тікелей байланысты болып табылады. Ол үш негізгі компоненттің бірлігі: ата-ананың бала туралы, оған деген көзқарасы мен ықпал ету тәсілдерін бақылауы, талап қою, мадақтау, жазалау және т.б. тәрбие әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылатындығын біз зерттеу барысында анықтауға әрекет жасадық. Мақала қорытындысында ата-ана мен бала арасындағы оңтайлы прецептивтік қатынастың түзілеуіне отбасылық тәрбие түрі, ата-ананың ұстанатын стильдерінің психологиялық әсері зор екені мәлімденеді.
ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ ПЕРЦЕПТИВТІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған July 2025
78
0
31
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сулейменова, Г., Айкинбаева , Г. , Кулжабаева, Л. і Джумагулова, Г. 2025. ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНА МЕН БАЛАНЫҢ ПЕРЦЕПТИВТІК ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 83, 2 (Лип 2025), 316–328. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.83.2.028.

