Мақалада 4–5 жас аралығындағы мектепке дейінгі жастағы балалардың креативтілігін дамытуға бағытталған зерттеу нәтижелері ұсынылған. Балалардың креативтілігін дамытуға арналған изотерапия әдістері және олардың жеке және топтық жұмыс барысында тиімділігі қарастырылады. Жұмыс психологиялық-педагогикалық тәжірибені талдау және Джозеф С. Рензуллидің «Шығармашылықтағы жаңа бағыттар» атты кітабында баяндалған изотерапия әдістерін қолдану арқылы алынған эмпирикалық деректерге негізделген.
Зерттеу нәтижелері сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша оң өзгерістерді көрсетеді: негізгі сұрақтарға кең көлемде жауап беруде балалардың заттарды бейнелеу қабілеті артып, сурет салу үдерісі туралы түсініктемелері мен бейнеленген заттардың функционалдық мүмкіндіктері кеңейе түсті.
Жүргізілген сабақтардан кейін мектепке дейінгі балалардың креативтілік деңгейінің даму динамикасы оң нәтиже көрсеткені анықталды, демек, біздің жұмысымыз тиімді болды. Бұл зерттеу нәтижелері мектепке дейінгі балалармен жұмыс істейтін психологтар мен педагогтар үшін, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар бойынша өндірістік практикадан өтетін студенттер үшін пайдалы болуы мүмкін.

