Мақалада студенттердің сессия кезіндегі психоэмоционалдық күйлерін зерттеу нәтижелері ұсынылған. Студенттердің психологиялық денсаулығы мәселесі бойынша әдеби шолу барысында емтихан тапсыру кезеңіндегі стресс пен мазасыздықтың депрессивті күйлердің дамуында предиктор ретінде қызмет етуі мүмкін екендігі көрсетілді. Эмпирикалық зерттеу студенттердің 1 және 3 курс студенттері арасында диагностикалық әдістер кешені – А. Ангольд пен Е. Костеллоның «Сезімдер мен көңіл күй» (SMFQ) сауалнамасы, сондай-ақ С. Лавибонд пен П. Лавибонд әзірлеген және И.М. Фаттахов пен Е.А. Горобец аударған «Депрессия, мазасыздық және стресс» (DASS-21) шкаласы көмегімен жүзеге асырылды. Зерттеуде екі тәуелсіз топтың орташа мәндерін салыстыру үшін Стьюденттің t-критерийі статистикалық әдісі қолданылды. Емтихан кезеңіндегі студенттердің психикалық жағдайы анықталып, алдын алу шараларын жоспарлауға мүмкіндік берілді. Алынған нәтижелер стресс пен мазасыздықтың көрінуінде айтарлықтай айырмашылықтардың бар екенін және емтихан сессиясының жағдайының олардың деңгейіне әсер ететін фактор екенін анықтады.
СТУДЕНТТЕРДІҢ СЕССИЯ КЕЗІНДЕГІ СТРЕСС, МАЗАСЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ДЕПРЕССИВТІ КҤЙЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланған September 2025
64
85
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
Студент
стресс
мазасыздық
психикалық күй
депрессия
өзіндік тиімділік
емтихан кезеңдері
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ғұмырзақ, А., Сарсенбаева, Л. і Исмагамбетова, Г. 2025. СТУДЕНТТЕРДІҢ СЕССИЯ КЕЗІНДЕГІ СТРЕСС, МАЗАСЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ДЕПРЕССИВТІ КҤЙЛЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 84, 3 (Вер 2025), 241–253. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.84.3.022.

