Мақалада балалардың ақпараттық технологияларды пайдалану жиілігі мен когнитивті функциялары зерттелді. Қазіргі уақытта виртуалды орта мен ақпараттық технологиялар әлеуметтік белсенділікке, білім алуға және бос уақытты өткізуге кең мүмкіндіктер ұсынады. Мұндай технологиялар тек ересектердің өміріне ғана емес, сонымен қатар балалардың дамуына да маңызды әсер етуде. Мақала ақпараттық технологиялардың балалар мен жасөспірімдердің когнитивті дамуына әсері туралы қазіргі зерттеулердің нәтижелерін шолу болып табылады, оның ішінде негізгі пайдалану сценарийлері ретінде видео көру және компьютерлік ойындар ойнау талданған. Ақпараттық технологиялардың балалардың когнитивті функцияларына әсері ақпарат түріне, баланың жасына және әлеуметтік контекске байланысты айтарлықтай өзгереді. Мақаланың мақсаты - ақпараттық технологияларды пайдаланудың балалардың когнитивті функцияларына әсерін зерттеу. Біз 11-12 жас аралығындағы балалардың ақпараттық технологияларды пайдалану жиілігі мен когнитивті функцияларын сауалнама, Струп тесті, Векслер ес тесті (WISC-IV) және Рей тесті (RAVLT) арқылы зерттедік. Зерттеу нәтижелері бойынша ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейінің балалардың когнитивті функцияларына тікелей әсері анықталды.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯЛАРЫНА ӘСЕРІ
Жарияланған April 2025
73
20
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
ақпараттық технологиялар
когнитивті функциялар
балалар
зейін
ес
видео
компьютерлік ойындар
гаджеттер
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Садыкова, Н., Аскарова, Ж. і Турақұл, . А. 2025. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯЛАРЫНА ӘСЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 82, 1 (Квіт 2025), 209–217. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.82.1.018.
