Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІ МЕН ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Жарияланған April 2025

68

74

«Тұран» университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Сая Бапаева

«Тұран» Университетінің «Психология» жоғары мектебінің сениор-лекторы, Алматы қ., Қазақстан

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Лаура Ермекбаева

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Психология» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а., Қазақстан, Алматы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Інкар Кеңесбекова

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «Психология» кафедрасының оқытушысы, Қазақстан, Алматы

Аңдатпа

Мақалада эмоционалды зияткерлікті зерттеу нәтижелері және оны болашақ педагогтерде қалыптастыру және дамыту тәсілдері келтірілген. Шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулерін талдау негізінде педагогтердің кәсіби қызметке дайындығының негізгі көрсеткіштерінің бірі маманның эмоционалды ақпаратты өңдеу және оны педагогикалық тәжірибеде қолдану қабілеті екендігі анықталды. Осыған орай, ҚазҰҚПУ-нің «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер» институтының 1 курс студенттеріне 150 сағат (5 кредит) көлемінде эмоционалды зияткерлік пен икемді дағдыларды дамыту бойынша оқу бағдарламасы енгізілді.

Бұл бағдарламаның тиімділігін диагностикалау және бағалау үшін С.Барон-Коэннің Cambridge Mindreading (CAM) сынақ батареясы, сондай-ақ математикалық статистика әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде болашақ педагогтердің эмоционалды зияткерлігінің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру мен дамытуда оң динамика анықталды: эмоцияларды тануда; әйел адамның эмоцияларын тануда; ер адамның эмоцияларын тануда; эмоциялардың жағымды спектрін тануда; эмоциялардың бейтарап спектрін тануда; эмоциялардың жағымсыз спектрін тануда.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бапаева, С., Ермекбаева, Л. і Кеңесбекова, І. 2025. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТКЕРЛІГІ МЕН ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 82, 1 (Квіт 2025), 125–141. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2025.82.1.011.