Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Жарияланған May 2021

113

78

Аңдатпа

Отбасы-өзара байланысты үдерістердің күрделі жүйесі. Отбасындағы қарым-қатынас-бұл жүйенің күрделі құрылымы бар негізгі компоненттерінің бірі.Отбасы мәселелерінің қарастырудығы мақсат ата-ана мен балалар психологиясының қарым-қатынас мәселелерін талдау және оның зерттелуі, қазіргі осы мәселе жағдайының өзектілігін қарастыру. Ата-аналар мен балалар қарым-қатынасының ерекшеліктерін айқындайтын психологиялық әдістер әзірлеп,жүйелеу болмақ. Бүгінгі күнде отбасылық дағдарыстың шиеленісуі әке мен баланың,ана мен қызының тіл табыса алмау мәселелері, ата-ананың бірінші орынға жұмысты қойып қоюы,баланың депрессияға жақын болуы, ата-анасының бере алмағын жылуын сырттан іздеуі, қарым-қатынастың, жылулықтың азаюы бұл қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді.. Жанұя ортасында баланың өмір сүру міндеті, кұндылыктары, қоршаған ортада өзін қалай басқару қажеттігі негізі бойынша мәліметтер алып, бойына сіңіреді. Отбасы тәрбиесінде тәрбие бағыты баланың жасерекшелік шамасына және жыныстық ерекшеліктеріне сай жүргізу басты назарда болуы шарт. Сондай-ақ, балаңыз қалай бар, оның болмысы мен табиғатын жақсы көре біліп,салыстырмауға тырысу қажет.Осы ретте баланы тереңінен танып, оның күшті жақтарын, күшті қабілеттерін айқындауға тырысып сол бағытпен жұмыс жасауға тырысу қажет. Тәрбиені бұйрық пен талапқа сәйкестендірмей балаға тек сеніммен қарап, сенімділікке бағыттау қажет. Ата-ана балаларының бос уақытын қалай өткізетінін бақылап, зерігулеріне жол бермеу керек. Бос уақыттарын тиімді қолдануға ықпал жасап,мектеп өміріне белсене араласуға, үйірме, қоғам жұмыстарын қатысуларына бағыт бағдар беріп отырған жөн.Бала жан-жақты болуы үшін оның ой-пікірін тыңдап, ақылдасып отырған дұрыс.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы институты ретінде отбасының психологиялық ахуалын зерттеу негізінде отбасындағы тәрбиенің барлық жүйесі екі қағидатқа негізделуі тиіс деген қорытынды жасауға болады:

  1. Отбасы мүшелерінің психологиялық жағдайын талдау. Ата-аналардың өз стилі мен мінез-құлқы олардың өз балаларын жақсы тәрбиелеуге ұмтылысына жауап беруі тиіс.
  2. Ата-аналар пайдалы қызметтің әртүрлі түрлері баланың жеке басын және оның жеке қасиеттерін біртіндеп қалыптастыратын тиісті жағдайларды қамтамасыз етуі тиіс.

Зерттеудің алынған нәтижелері: баланың психологиялық дамуы, яғни тұлғаның қалыптасуы отбасындағы жағдайға, баланың ата-аналармен өзара қарым- қатынасына тікелей байланысты.

pdf
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Н.М. Иргебаева¹, А.Т. Жағыпар² 2021. АТА-АНАЛАР МЕН БАЛАЛАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 63, 2 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7847.38.