Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

СТУДЕНТТЕРДІҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫ БАҒАЛАУ: ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Жарияланған October 2023

86

76

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Аңдатпа

Мақалада қазіргі уақытта студенттердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу үшін аса маңызды болып табылатын эмоционалды интеллектті (жұмсақ дағдыларды) арттыру мәселесі көтеріледі. Бұл дағдыларды жетілдіру қарқынды дамып жатқан әлемдегі жаңа бағыттардың бірі болып табылатындығын ескерсе, адами ресурстарды, әсіресе, студенттік зерттеу саласында дамыту қажет.

Алайда, мемлекетімізде осы дағдылар жиынтығын дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбейтінін мойындау керек. Демек, бұл зерттеу студенттердің әлеуметтік дағдыларын жақсарту, оның ішінде инновациялық формалар мен оқыту стратегияларын біріктіру үшін оқу нәтижелерін бағалауға бағытталған. Студенттердің оқу нәтижелері сандық және сапалық әдістерді қолдана отырып бағаланады.

Зерттеуге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жоғарғы колледжінің 78 студенті қатысты.

Нәтижелер көрсеткендей, студенттердің бір бөлігі құзыреттіліктің мазмұны туралы нақты түсінікке ие емес, ал бірқатар маңыздылары тиісті деңгейде игерілмеген.

Бұл факт осы дағдылардың барлық компоненттерін жетілдіру бойынша тәрбие жұмысы шеңберінде қосымша оқу бағдарламаларын және басқа да іс-шараларды әзірлеу қажеттілігін растайды.

Сонымен, болашақ мамандардың soft skills-ті арттыру үшін оқытудың инновациялық форматтары мен стратегияларын Қазақстандағы орта кәсіптік білім беру саясатының сарапшылары пайдалана алады.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ladzina , .N. , Koishibaev , M. , Abilkhairova, .Z. , Shakirova, .M. і Abdibekova , O. 2023. СТУДЕНТТЕРДІҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУДЫ БАҒАЛАУ: ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІНЕН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 76, 3 (Жов 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5967.2023.76.3.004.