Мақалада Action Research (іс-әрекеттегі зерттеу) сынды зерттеу ұйымдарының бейресми нысандарын кәсіби практикаға интеграциялау негізінде жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас ғалымдары және докторанттардың зерттеу белсенділігін дамытудың психологиялықпедагогикалық негіздері қарастырылады.
Ғылыми зерттеудің мақсаты-Action Research (әрекеттегі зерттеу) ретінде зерттеудің бейресми нысандарын жүйелі интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының ғылыми-зерттеу Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Психология» сериясы №1(74), 2023 ж. 187
әлеуетін арттыруды ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған Action Research – алға қойылған мақсатқа жетудің тиімді тетігі, жас ғалымдар мен докторанттарға зерттеу жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу – ғылым саласында тұрақты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Мұғалімдердің жеке және кәсіби дамуының шешуші факторы ретінде зерттеу белсенділігін арттырудың маңыздылығын негіздейтін белсенділік теориясына, қызмет теориясына, мотивация теориясына ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, мақалада ЖОО-ның оқытушыларына, жас
ғалымдарға және докторанттарға арналған Action Research (Іс әрекеттегі зерттеу) бойынша
әдістемелік нұсқаулар берілген.
Бұл зерттеу ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ИРН АР 14872311 гранттық қаржыландыру бойынша "Action Research ретінде зерттеудің бейресми нысандарын практикаға
интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамыту теориясы мен
технологиясы" жобасы шеңберінде жүргізілуде
Action research негізінде жоо оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Жарияланған March 2023
145
173
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Берикханова А.Е., ., Асилбаева Ф.Б., ., Ибраимова Ж.К., . і Сапаргалиева Б.О., . 2023. Action research негізінде жоо оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.024.