Мақалада жоғары оқу орны оқытушысының эмпатия деңгейінің студенттің академиялық жетістіктеріне ықпалы қарастырылды. Осы саладағы соңғы зерттеулерге талдау жасау барысында, ғылыми мәселе анықталып, болжам құрылды. Эмпатия педагогқа тән кәсіби сапа деңгейінде қарастырылып, оның мазмұны өзара әрекеттесу жағдайында студенттің жан дүниесін сезіну, ойын ұғу, жанашырлық таныту және оқу жетістігіне мүдделі болу деп анықталды.Зерттеу болжамын тексеру үшін жүргізілген экспериментке Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы және 2-курс студенттері қатысты. Лонгитюдті әдіс аясында түлектің оқуға қабылдану кезіндегі нәтижесі, яғни Ұлттық бірыңғай тестілеу баллынан бастап, 4 семестр бойындағы оқу жетістігінің орташа баллын сараптау арқылы сыналушының оқу үлгерімінің үрдісі анықталды. Қосымша сауалнама жүргізіліп, студенттің оқу көрсеткішіне ЖОО-ның білім беру кеңістігінде қалыптасқан ахуал, оқытушымен қарым-қатынас, ПОҚ эмпатиясының әсері зерттелді. Осындай сауалнама оқытушылар арасында да өткізіліп, оның нәтижесіне салыстырмалы талдау жасалды. Эмпатия деңгейі жоғары оқытушылар аса сезімтал, студенттердің мәселелеріне бей-жай қарамайды, білім алушылардың жоғары оқу жетістіктеріне мүдделі. Ал, эмпатия деңгейі орташа оқытушылар үшін “не тындырды?” сұрағы “қалай жасады?” сауалынан жоғары тұрады; дабылды жағдайда болмаса, студенттің жеке ахуалынан хабарсыз, сондықтан да қолдау, көмектесу жағы кемшін. Эмпатия деңгейі төмен оқытушылардың педагогикалық техникасы “бір жақты монологты” көрсетеді; интеракция болмауы салдарынан студенттердің академиялық көрсеткіштері төменірек. Эксперимент қорытындысы студенттің оқу жетістігіне оқытушы эмпатиясының қатыстылық ықтималдылығы жоғары деп белгіленген зерттеу болжамын растады.
СТУДЕНТТІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ ОҚЫТУШЫ ЭМПАТИЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ
Жарияланған May 2021
97
62
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілтті сөздер
оқу жетістігі, эмпатия, академиялық көрсеткіш, үлгерім, студент, оқытушы, білім кеңістігі.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
М.П. Оспанбаева¹, Н.Т. Дүйсенова² 2021. СТУДЕНТТІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІНЕ ОҚЫТУШЫ ЭМПАТИЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 63, 2 (Трав 2021). DOI:https://doi.org/10.51889/2020-2.1728-7847.11.