Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАЖУЫН АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланған March 2023

163

817

КазНПУ им.Абая
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Бакытгул Исатаева

аға оқытушы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Бахыт Сыдыхов

Математика, физика және информатика институтының директоры

Аңдатпа

Бұл мақалада эмоционалды қажудың қазіргі кездегі өзектілігі туралы сипаттамалар беріліп, кәсіби қызметкерлердің эмоционалды қажу себептері, кезеңдері мен белгілері талданған, оны алдын алу мәселелері қарастырылған. Эмоционалды қажуды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасай отырып, қызметкерлердің эмоционалды зорығуын алдын алу тәсілдері көрсетілген. Эмоционалды қажудың бірден емес, ұзақ уақыт бойы шаршаудан, созылмалы стрестен, зорығудан пайда болатыны, ал қажыған, шаршаған қызметкердің еңбекке деген құлшынысы да жоғалып, қызығушылығының мүлде болмауы, қуаттың сарқылуы сәйкесінше еңбек өнімділігі мен сапасын да төмендететіні айтылған. Теориялық талдаулардан кейін зерттеудің эксперименттік нәтижелері ұсынылған. Жүргізілген психологиялық алдын алу жұмыстарының үлгісі ұсынылған. Сонымен қатар жұмыс берушілер үшін қызметкерлердің психологиялық саулығын сақтау маңыздылығы мен жолдары көрсетілген.

Түйін сөздер: эмоция, қажу, қажу синдромы, зорығу, деперсонализация, тренинг.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Момбиева, Г., Исатаева , Б. і Сыдыхов , .Б. 2023. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚАЖУЫН АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 74, 1 (Бер 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1728-7847.2023.1.74.018.