Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау мен бағалаудың теориялық негіздері мен практикалық рәсімдері көрсетілген. Ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы білім беру ортасына қосудың қажетті шарты болып табылады және тәрбие мен оқыту процесінде оларға кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған. Мақала мазмұны диагностикалық зерттеудің кезең-кезеңімен және тиісті әдістемелік құралдармен сипатталады. Мектепке дейінгі баланы оқыту мен дамытудағы қиындықтардың механизмі мен себептерін жан-жақты талдау қажеттілігіне назар аударылады. Диагностика нәтижелері ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі баланы оқытуды және психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастырудағы жалпы стратегия мен нақты қадамдарды анықтайтын психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке бағдарламасын жасауға негіз болып табылады.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНА ҚОСУДЫҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ
Жарияланған May 2021
86
149
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар
ерекше білім беру қажеттіліктерін диагностикалау,
психологиялық-педагогикалық қолдау
инклюзивті білім беру процесі
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
О.В.Завалишина,¹ Ж. Рахым.¹, О.Ж. ¹ 2021. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНА ҚОСУДЫҢ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 64, 3 (Трав 2021), 135–142. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7847.25.