Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Психология

АРНАЙЫ ПЕДАГОГ МАМАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛІ

Опубликован June 2022

363

199

Университет
Аннотация

Мақалада арнайы маманның әлеуметтік рөлінің мән-мағынасы мен теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып,  педагогикалық-психологиялық аспектілері қарастырылды. Қазіргі уақытта жоғары педагогикалық білім берудің теориясы мен тәжірибесінің өзекті бағыттарының бірі болашақ мамандардың кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастыру процесі болып табылады.Арнайы педагог - әрдайым дерлік ерекше жан-жақты, белсенді, жігерлі, өз қызметінің сәтті нәтижесіне сенімді, мейірімді тұлға. Ол  мүмкіндіктері шектеулі адамның рөлін адамгершілік бағалаумен сипатталады.  Арнайы педагог маманның кәсіби дүниетанымы әлеуметтік және рухани әлемде болып жатқан және қоғам өміріндегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың орны мен рөліне әсер ететін процестерді түсіну мен оларды жеке бағалаудың нәтижесі болып табылады.Кәсіби маманның оның педагогикалық ықпал етуі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың қоғамға қалыпты ортаға бейімделуіне тікелей әсер етуші белсенді тұлға ретінде көрінеді.

 

pdf (Қазақ)