Қоғам үшін жасөспірімдер мен жеткіншектердің білімсапасының жақсы болуы маңызды. Бұлтек қоғам мен отбасы емес, мемлекеттік деңгейдегі мәселе. Зерттеу барысында оқу үдерісіне жасөспірімдердің эмоциясы мен эмоциялық күйінің әсері қарастырылып, талданды. Эксперименттік тұрғыда балалардың бойындағы мазасыздық деңгейі анықталды. Жағымды эмоцияларды сезініп, сезімдер арқылы оқу дағдыларын үйрену өнімді және сапалы нәтиже береді. Жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық ерекщеліктерін есепке алып, олардың эмоцияларын тысқары қалдыруға болмайды. Керісінше, дәл осы кезеңде сезімдермен дұрыс жұмыс жасап, оларды дамытып, жеткіншектердің өз эмоцияларын өздері түсінгендігі оң шешім болмақ. Мектеп жасындағы балалардың эмоциялық күйін жақсарту үшін арт-терапиясы ұсынылып отыр.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙІН ТҰРАҚТАНДЫРУДА АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ
Жарияланған February 2023
145
99
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
эмоциялық күй, мазасыздық, оқу дағдысы, жасөспірім, арт-терапия, этнопедагогика, этнопсихология
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Тоқсанбаева, Н., Үсенова, С., Мырқасымова, М. і Сәлімбаева, Ш. 2023. МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙІН ТҰРАҚТАНДЫРУДА АРТ-ТЕРАПИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 73, 4 (Лют 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/5843.2022.19.28.011.