Мақалада университетте оқитын студенттердің педагогикалық қабілеттерін арттыру құралы ретіндегі әлеуметтік-психологиялық тренингтің мүмкіндіктері көрсетіліп, эксперименттік зерттеудің мақсаты айқындалды. Педагогикалық процесте жүзеге асырылатын әлеуметтік-психологиялық тренингтер қарастырылады. "Әлеуметтік-психологиялық тренинг" ұғымының мәні қарым-қатынастағы құзыреттілікті дамыту құралы ретінде, "психологиялық әсер ету" формасы ретінде және оқытудың белсенді формасы ретінде ашылады. ЖОО-ның студенттерін оқыту процесінде қолданылатын әлеуметтік –психологиялық тренингтік технологияларды бес негізгі бөлікке топтастыру арқылы сипатталады. Бес негізгі бөлікті: ұйымдастырушылық-техникалық, әдістемелік, коммуникативтік, субъективті, тиімділікті бағалау деп бөлеміз.
Ұсынылған курстың міндеті студенттерді тұлғааралық өзара әрекеттестіктің әлеуметтік-психологиялық сипатын көруге үйрету, педагогикалық қабілеттілікке қажетті коммуникативті дағдыларды дамыту болып табылады. Қазіргі таңда тренинг форматынағы белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту мәселесі педагогика саласындағы қарқынды дамыған, бірақ салыстырмалы түрде жаңа бағыт ретінде қарастырылады. Оқытудың бұл форматы студенттің қабілетін, шығармашылық әлеуетін дамытуды үйлесімді түрде қамтамасыз етеді. Әртүрлі қолданбалы психологиялық аспектілері мен теориялық ережелерін біріктіреді, сондай-ақ тренинг қатысушыларының оқытуды дамытудың екі негізгі бағытын анықтауға мүмкіндік береді:
- тренингтік топтың да, педагог-тренердің де жеке тұлғасының трансформациялық әсерінің көмегімен қатысушының жеке басын дамытуға және жетілдіруге бағытталған;
арнайы дағдыларды (басқарушылық, тапсырманы құрастыру, орындалуын бақылауды жүзеге асыру, тұлғааралық жанжалдарды шешу.
Топтың жұмыс процесінде педагогтар іс-әрекеттің әртүрлі стратегиялары мен тактикаларын оқыту, өзара әрекеттесу, әртүрлі жағдайларда олардың тиімділігін көрсетіп саналы түрде (өздігінен, импульсивтіемес) іс-әрекеттің тиісті түрлерін таңдауға үйрету.