Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫН ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ АРҚЫЛЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ

Жарияланған February 2023

106

348

КазНУ
Аңдатпа

Аңдатпа

Осы мақалада ойын терапиясы мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық қиындықтары үшін психотерапияның бір түрі ретінде қарастырылады. Мектепке дейінгі кезең - тұлғаның қалыптасуының қысқа, бірақ маңызды кезеңі. Бұл жылдарда балаларда қоршаған өмір туралы алдын ала түсінік қалыптасады, балаларда адамдармен белгілі бір қарым-қатынас қалыптаса бастайды, дұрыс мінез-құлық дағдылары мен әдеттері қалыптаса бастайды. Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларға ойынның эмоционалдық әсері және олардың сезімдері зерттеледі. Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылау. Зерттеу жұмысының міндеттері: эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету; жиналып қалған жүйкелік күшті алып балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру; күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту; тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру; топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту, агрессияны азайту; қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту. Зерттеу әдістері – зерттеу жұмысында қойылған міндеттерді шешу үшін мынандай әдістерді қолдануды мақсат етіп отырмыз: бақылау, теориялық талдау, салыстыру, эксперименттік ойын жағдаяттары. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелері және мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды қиындықтарын ойын терапиясы арқылы психологиялық түзету мен алдын-алудың жаңа тәсілдерін жасауға негіз бола алады.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Отепберген, К., Жұбаназарова Назираш Сулейменовна, Тленчиева Нұржамал Сайдалиевна і Төлегенова Алия Амангалиевна 2023. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫН ОЙЫН ТЕРАПИЯСЫ АРҚЫЛЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 73, 4 (Лют 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/4585.2022.71.62.009.