Мақаламызда архетип ұғымының пайда болу тарихы, зерттелуіне назар аударып, архетиптік сюжет, мотив, ұғымдарын саралап, оның әдебиеттегі, мифологиядағы, психологиядағы, мәдениеттегі орнына тоқталдық. Әсіресе, архетип терминін ғылымға енгізген, оны психологиялық, философиялық, мәдениеттік қырынан зерттеген швейцарлық психолог ғалым К. Г. Юнгтің еңбегіне ерекше назар аудардық. Юнг көрсеткен архетиптік алғашқы образдарды атап өтіп, "ұжымдық бейсаналылық" ұғымының архетиптегі алар орнына мән беріп, анализ жасадық. Одан өзге зерттеушілерден Мелетенский, Большакованың филологиялық зерттеулерінің ғылыми маңызын айқындадық. Орыс ғалымы Мелетенскийдің енгізген архетиптік сюжет, архетиптік мотив ұғымдарына анықтама беріліп, мифологиядағы арғашқы архетиптік мотивтерге жеке тоқталып, мысалдар келтірілді. Миф және архетип ұғымдарының әдебиетте алар орнына ғалымдар негіздемелерін келтіре отырып талдау жасадық. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жазушыларымыздың да шығармаларында мифтік сарынның белең алуы архетип ұғымын жете зерттеуді талап етеді. Қай заманда болмасын әдебиет өзінің түп тамыры – мифтен бөлініп кете алмайды. Архетип мифологиямен біте қайнасып жатқандықтан, бұл тақырыптың маңыздылығы бүгінгі таңда өте жоғары деп санаймыз.
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
архетип,
ұжымдық бейсаналылық
архетиптік сюжет
архетиптік мотив
миф,
мифология
алғашқы бейне
архетипический сюжет
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
С. Б. Ержанова , Қ. Қ. Байдетова C. 2021. АРХЕТИПТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 64, 3 (Трав 2021), 85–89. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7847.15.