Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЭМПАТИЯЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ

Жарияланған February 2023

118

152

КазНПУ им.Абая
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Аңдатпа

            Мақалада психология ғылымындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен әлеуметтік шарттарда орталық көрсеткіш болып табылатын эмпатияны зерттеу бағыттары қарастырылады. ЖОО студенттері арасында эмпатия деңгейін және оның әртүрлі аспектілерін салыстырмалы талдау нәтижелері көрсетілді, сонымен қатар зерттелушілердің, екі тобындағы эмпатикалық тенденциялардың ерекшеліктері анықталды және талданды. Зерттеудің екі кезеңі ұсынылған: теориялық және эксперименттік. Зерттеудің теориялық кезеңінде "эмпатикалық қабілеттер" ұғымының мәні ашылады, оны түсіндіруге әртүрлі авторлық көзқарастар талданады. Зерттеудің эксперименттік кезеңінде диагностикалық зерттеу нәтижесінде эмпатияның даму деңгейі төмен студенттер – эксперименттік топты құрған үшінші курс студенттері анықталды. Жалпы зерттеуге 40 ерікті сыналушы студенттер қатыстырылды. Эмпатикалық тенденциялар деңгейін эксперименттік зерттеу Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Психология мамандығы мен Ақпараттық жүйелер мамандығының 3 курс студенттерімен жүргізілді. Эксперименттің мақсаты, міндеттері таныстырылды. Зерттеудің мақсаты: студенттердің эмпатиялық тенденциялары деңгейін зерттеу.Зерттеудің болжамы:  студент-психологтар мен студент-программистердің эмпатиялық тенденциясы деңгейі арасында айырмашылықтар көрінеді. Қойылған болжам Манн-Уитнидің U-критерийі көмегімен расталды. Психолог студенттері мен программист студенттердің эмпатия деңгейінде айырмашылықтар бар, атап айтқанда: психология бағытында оқитын студенттердің эмпатия деңгейі программист  студенттердің эмпатия деңгейінен біршама жоғары.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Ордагулова, Д., Тукебаева, С. і Мухаметжанова, Н. 2023. ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЭМПАТИЯЛЫҚ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 73, 4 (Лют 2023). DOI:https://doi.org/10.51889/1300.2022.49.88.004.