Мақалада зерттеуші авторлар қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетіндегі цифрлық ресурстардың маңызын қарастыруға тырысқан. Заманауи талаптар, әлемдегі жаһандық үрдістер өз таңбасын барлық іс-әрекеттің салаларына басуда, соның ішінде білім беру саласы да тыс қалмады. Қазіргі жағдайда барлық білім беру мекемелері қашықтықтан оқыту форматына көшуде, осы себепті болашақ маманға цифрлық ресурстарды, платформаларды, технологияларды меңгеру қолайлы және тиімді.
Ғылыми -педагогикалық, арнайы әдебиеттерді талдау барысында цифрлық ресурстардың, платформаларды меңгерудің маңызды артықшылықтары қарастырылады. Жоғары оқу орнының білім беру үрдісінде цифрлық ресурстарды пайдалану тек теориялық тұрғыда анықталып қана қоймай, авторлардың тәжірибелік жаңашылдығы ашылады. Цифрлық ресурстардың мысалы ретінде Google сервисі, Google Jamboard онлайн тақтасы, Google Forms құралы,Online test Pad платформасы қарастырылады. Аталмыш платформалардағы білімалушылардың жұмыстары, сауалнама нәтижелері анықталған.