Белгісіздікке толеранттылық әртүрлі зерттеу аумақтарында зерттеу үшін танымал пәндердің біріне айналуда. Бірқатар зерттеулер белгісіздікке толеранттылық пен стреске төзімділіктің өзара байланысына арналған. Аталмыш мәселе шетелдік психология ғылымы үшін жаңалық болмағанымен, қазіргі уақытта өзектілігі артуда. Белгісіздікке толеранттылықтың қазіргі заманғы зерттеулерінің талдауы оның стреске төзімділікпен өзара байланысы турасында айшықтауда. Мақалада сыналушылардың белгісіздікке толеранттылығы мен стреске төзімділігінің өзара байланысының, сонымен бірге аталмыш айнымалылардың тұлғаның жыныстық, жас ерекшеліктеріне қарай айырмашылықтарын эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылған. Белгісіздікке толеранттылық пен стреске төзімділіктің өзара байланысы мен жыныстық және жас ерекшелік айырмашылықтарын айқындау үшін келесі әдістемелер қолданылды: В.В.Распопиннің «Стресс көздеріне төзімділік шкаласы», С.Баднердің «Толеранттылық және интолеранттылық шкаласы», Маклейннің «Белгісіздікке төзімділік шкаласы». Жүргізілген зерттеу жұмысы респонденттердің белгісіздікке толеранттылығы мен стреске төзімділігінің жыныстық ерешелігіне қатысты айырмашылығының болмайтындығын және жас ерекшелігіне қарай тек өз тұлғасын стрессогеннді бағалауда өзіндік айырмашылықтары болып, айнымалылардың өзара байланысы туралы жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
ТҰЛҒАНЫҢ БЕЛГІСІЗДІККЕ ТОЛЕРАНТТЫҒЫ МЕН СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Жарияланған December 2022
245
150
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
белгісіздік, белгісіздікке толеранттылық, белгісіздікке интолеранттылық, стресс, стресс көздері, стресске төзімділік, тұлға
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
BAPAYEVA, S. 2022. ТҰЛҒАНЫҢ БЕЛГІСІЗДІККЕ ТОЛЕРАНТТЫҒЫ МЕН СТРЕССКЕ ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 72, 3 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/5917.2022.69.53.016.