Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

С.О.Бурленова_Р.Ш.Сабирова_ мақала

Жарияланған October 2022

250

173

КарУ им. Е.А. Букетова
Аңдатпа

Жоғары оқу орындары студенттерінің оқу іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын маңызды факторларға академиялық прокрастинация және оқу мотивациясы жатады. Көпшілік зерттеген прокрастинацияның түрі – академиялық прокрастинация. Академиялық прокрастинация феномені тұлғаның әртүрлі қасиеттерімен және қалыптасуымен байланысты. Мақалада прокрастинация мәселесі, оның ерекшеліктері, студенттердің жүріс-тұрысындағы академиялық прокрастинация көріністері туралы көзқарастар талданады, сонымен қатар психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде ерекше назар аударылатын студенттердің оқу мотивациясы мәселесі қарастырылады. Студенттердің академиялық прокрастинациясы мен оқу мотивациясының деңгейін зерттеу нәтижелері берілген. Зерттеу таңдамасы философия және психология факультетінің күндізгі бөлімінде оқитын 18-22 жас аралығындағы 60 студенттен құралды. Зерттеу барысында Л.Соломон мен Е.Ротблюмның М.В. Звереваның бейімделуіндегі академиялық прокрастинацияны бағалау шкаласы және А.А. Реан мен В.А. Якунинның, Н.Ц. Бадмаевтың модификациясындағы студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау әдістемесі қолданылды. Академиялық прокрастинация факторлары мен студенттердің оқу мотивтері арасында статистикалық маңызды корреляция анықталды. Академиялық прокрастинация мен студенттердің оқу мотивациясының өзара байланысының ерекшеліктері туралы білімді маңызды оқу тапсырмаларын кейінге қалдыруға бейім студенттермен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдалануға болады.

pdf (Русский)