Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ӘР ТҮРЛІ КУРСТАРДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

Жарияланған May 2021

92

75

Аңдатпа

Мақалада әртүрлі курстардағы студенттердің құндылықтар жүйесі зерттеледі. Құндылықтар әртүрлі факторлардың әсерінен өзгеретін күрделі, динамикалы дамып келе жатқан құрылымды түзейтіні анықталған. Әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, рухани-адамгершілік жағдайлардың қайта құрылуы, жас және тұлғалық өзгерістер құндылық жүйесінің өзгеруін анықтайды.

Зерттеудің негізгі мақсаты әр түрлі курстарда студенттердің құндылық саласының даму динамикасын зерттеу болды. Зерттеу барысында барлық үш курс студенттерінің өмірлік құндылықтар жүйесінің иерархиясында білім берумен, әлеуметтік белсенділікпен және әуестікпен байланысты құндылықтар басым екені анықталды. Мұндай нәтиже студенттік шақтың әлеуметтік қауымдастық ретінде кәсіби білімді, біліктілікті, дағдыларды қалыптастыруға, кәсіби құзыреттілікті дамытуға және  еңбек жолына өзбетінше дайындалуға бағытталған топ болып табылатындығымен түсіндіріледі. Студенттер қоғамдық бағытталған, әлеуметтік белсенді топ. Әр курс студенттерінің құндылықтық басымдықтары өзінің бағыттылығымен ерекшеленеді. 2 -  курс студенттері өздерін, жетістіктері мен креативтілігін дамытуға бағытталған. 3 - курс студенттері рухани қанағат алғысы келеді, сондай-ақ жоғары материалдық жағдай туралы ойланады. 4 - курс студенттері кәсіби өмір мен қоғамдық белсенділіктен материалдық қамтамасыздықты, рухани қанағаттануды және белсенді әлеуметтік байланыстарды іздейді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Марданова Ш.С. Мохаммад З.З., Ш.З. 2021. ӘР ТҮРЛІ КУРСТАРДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 64, 3 (Трав 2021), 10–18. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-7847.02.