Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕКЕ ӨЗІНДІК ТИІМДІЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ЭМПИРИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ

Жарияланған October 2022

221

117

Аңдатпа

 

 

           Мақалада университет студенттерінің тұлғалық өзіндік тиімділігінің ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеудің нәтижелері келтірілген. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар қоғамның жастарға деген талаптарының өсуіне себеп болады: бүгінгі күні кәсіби білімнің, дағдылардың жоғары деңгейін алу қажет, бірақ жеткіліксіз. Заманауи түлек белсенділік, бәсекеге қабілеттілік, стресске төзімділік, мақсаттылық және өмірдің барлық салаларында табысқа жету сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Сондықтан бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі студент жастардың тұлғалық өзіндік тиімділігін арттыру болып табылады.Студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігінің ерекшеліктерін зерттеу үшін келесі әдістер қолданылды: эмпирикалық мәліметтерді жинау әдістері: тест әдістері- Р. Шварц, М. Ерусалемнің жалпы өзіндік тиімділік шкаласы; Шерер, Мэддокстің өзіндік тиімділік шкаласы (SES); өзін-өзі бақылаудың қысқа шкаласы Дж.Тангни, Р.Баумейстер, А.Л. Бун; Е.Ю. Мандрикованың іс-әрекетте өзіндік ұйымдастыру сауалнамасы; академиялық мотивация шкаласы (қысқ. АМШ, ағыл. The Academic Motivation Scale, abb. AMS); К. Риффтің психологиялық әл-ауқат шкаласы.  Сыналушылар тобын «Тұран» университетінің, Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ және Қаскелең қаласындағы Сүлеймен Димерел университетінің студенттері құрады.  

       

 

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Chernikova, T., Amanova, I. і Kudusheva, N. 2022. ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕКЕ ӨЗІНДІК ТИІМДІЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУДІҢ ЭМПИРИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ТАЛДАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 71, 2 (Жов 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-7847.22 .