Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

Жарияланған December 2022

136

82

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада жеткіншектердің қарым-қатынасындағы қиындықтары мәселесі қарастырылады.

Жеткіншектік жас – тұлғаның негізгі құрылымдық компоненттерін қалыптастырудағы маңызды кезең болып табылады. Бұл жаста баланың физикалық, ақыл-ой, тұлғалық, әлеуметтік тұрғыдан дамуының барлық жақтарына сапалық өзгерістер орын алады. Осы жаста қарым-қатынас мәселесі алдыңғы орынға шығады. Саналы мінез құлықтың негізінің, әлеуметтік нұсқаулардың қалыптасуы, өзін анықтау осы жас кезеңінің жаңа құрылымдары болса, қарым-қатынас жетекші іс-әрекетке айналады.

Жеткіншек үшін құрбыларының арасында беделді болу, қабылдану өте маңызды. Топқа ене алмауды, құрбыларымен қарым-қатынастағы қиындықтарды олар ауыр бастан өткереді. Қарым-қатынастың жетістігі жеткіншектік кезіндегі дамудың барлық аспектілері үшін маңызды.

Мақалада қарым-қатынастағы қиындықтары бар жеткіншектерге және осы қиындықтардың себептеріне сипаттама берілген. Жеткіншектер арасындағы қарым-қатынас қиындықтарының себептері: сөздік-экспрессивті ерекшеліктер, қарым-қатынас жүйесі және әлеуметтік-перцептивті және коммуникативті қабілеттердің дамымауы болатыны анықталған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Нұрқасынова, Л., Кулымбаева, А.К. і Бағыбаева , М. 2022. ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНДАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРЫН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 72, 3 (Груд 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/6678.2022.52.99.011.