Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

БАЛАЛАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ: ДИАГНОСТИКАЛЫҚ АСПЕКТ

Жарияланған October 2022

90

51

Университет "Тұран"
Аңдатпа

      Аңдатпа

          Мақалада бірқатар шетелдік және ресейлік ғалымдардың тұлғаның этномәдени бағытталуына әсер ететін факторлар, этномәдени бағдар мен ұстанымдардың негізгі типтері туралы тұжырымдамаларына талдау жасалады. Баланың этномәдени бағыттылығы біртіндеп этностық дәстүрлерді игеруі арқылы пайда болатын этностық сезімдердің, өз халқын сезуінің, нақты географиялық орынға бауыр басу сезімінің нәтижесінде қалыптасатыны баяндалады.

          Автор 6-7 жастағы балалардың өз этностық мәдениетіне оң баға беріп, оған бағытталуы үшін өз этностық тобының мәдени нормалары мен мінез-құлық ережелерін, құндылық бағдарларын, рухани және материалдық салт-дәстүрлерін өзінің «Менімен» байланыста түйсініп, ұғынуы және қабылдауы қажет деген тұжырымын ұсынады.           Сонымен қатар, эксперименттік зерттеуінің барысында аталған жастағы қазақ балаларының этномәдени бағыттылығының деңгейлерін диагностикалау үшін жаңадан әзірлеген  түпнұсқалық авторлық әдістемелерінің теориялық негіздемелерімен және сипаттамаларымен таныстырады.          

Түйінді сөздер: этностық қауымдастық, этностық сәйкестену, этномәдени бағдар мен ұстаным, этномәдени бағыттылық, салттар мен дәстүрлер этностық сезімдер, өз халқын сезу, бауыр басу сезімі, 6-7 жас аралығындағы балалар, диагностикалау, авторлық психодиагностикалық әдістемелер. 

pdf