Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТІ МАНДАЛА ТЕРАПИЯСЫ АРҚЫЛЫ ӘСЕР ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған June 2022

154

108

КазНУ имени аль-Фараби
Аңдатпа

Ғылыми мақаланың мазмұны жасөспірімдердің эмоциялық күйін сипаттап, оны жақсарту мақсатында изо терапия әдісі саналатын мандала терапиясының мәні мен мағынасын ашуға бағытталған. Бұл мақаланың ерекшелігі мандала терапиясының жаңа үлгісі –ұлттық нақышта ұсынылуы. Терапияда қолданылатын дөңгелекті негізге ала отырып, ондағы белгілер мен таңбаларды қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен алмастыру ұсынылады. Себебі ұлттық оюлардың мағынасы тым терең және оның психологиялық көмегі болары анық. Ұлттық ою-өрнектердің сакральды құндылығын тиімді пайдаланып, жасөспірімдердің эмоциялық күйін жақсарту барысында ұлттық мұра мен мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру көзделген. Ғылыми мақала этнопсихология салаcындағы тың жаңалықтың болуын көздейді. Мандала терапиясының эмоциялық күй мен тұлғалық дамуға әсер ететіні белгілі,ал онда ұлттық оюлардың тиімді пайдаланылуы қазіргі қазақ психологиясындағы жаңалық бола білмек. Тұрмыста пайдаланылатын ою-өрнектердің әрқайсысының өзінің мағынасы және мәні бар. Оны жасөспірімдерге түсіндіріп, терапиялық бағытта пайдаланған дұрыс.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Букешова, С. 2022. ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙІНЕ ҰЛТТЫҚ ОЮ-ӨРНЕКТІ МАНДАЛА ТЕРАПИЯСЫ АРҚЫЛЫ ӘСЕР ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Психология сериясы. 70, 1 (Чер 2022). DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-7847.45.