Аннотация. Мақалада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде практикум түрінде өткізілетін "Эмоционалды зият" пәнін енгізу тәжірибесі ұсынылған. 2020-2021 оқу жылында университеттің "Педагогика және психология" және "Физика, математика және сандық технологиялар" екі жоғары мектептерінде 3 кредит көлемінде "Эмоционалды зият" пәні енгізілді. Сабақтар психология докторы, МВА, Ресейдегі эмоционалды зияткерлікті дамытудың кешенді бағдарламасының жетекшісі Виктория Шиманскаяның бағдарламасы бойынша өткізілді. Эмоционалды зияткерлікті және Soft Skills құзыреттіліктерін дамыту бойынша қазақ және орыс тілдерінде бейне сабақтар, шебер-дәрістер, вебинарлармен жабдықталған Skillfolio сандық платформасын құру бойынша тәжірибелік жұмыс нәтижелері сипатталған.
Эмоционалды зияткерлікті дамыту әдісі ретінде бағдарламаның тиімділігі расталды. Диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша "Эмоционалды зият" пәнін меңгергеннен кейін, студенттер өздерінің эмоциялары мен қарым-қатынас серіктесінің эмоцияларын талдау дағдыларының айтарлықтай дамуы байқалды. Сондай-ақ, білім алушылар когнитивті-танымдық саладағы өзгерістердің жағымды динамикасын көрсетті.